Атырау, 28 қаңтар 18:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57

​Атыраудың мектеп оқушылары есірткіге тәуелділікке тексеріледі

110 рет қаралды

Облыс орталығындағы жалпы білім беретін оқу орындарында алғаш рет наркоскрининг өткізіледі.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, есірткіге тест тапсыру шарасына 9-11 сынып оқушылары қатысады. Тексеріс жүргізудің міндетті шарты — кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болуы тиіс.

Скрининг денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп өткізіледі. Оларға биологиялық материалдарды (зәр) жинау, талдау тапсыру орнын анықтау және т.б. ұйымдастыру мәселелері жүктелген.

Атырау қаласында барлығы 71 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 9-11 сынып аралығында 13 889 оқушы білім алады. 

Бұл зерттеу есірткі тұтынатын оқушыларды ерте анықтауға және оның соңы ауыр зардапқа әкеп соқтырмауына мүмкіндік береді. Скринингке қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.