
Forbes Kazakhstan тізімінде 23-орында тұрған Кеңес Рақышев мұнай-газ активтері шоғырландырылатын жаңа холдинг – «Fincraft Energy Holding Limited» компаниясын құрды, деп хабарлайды « Нефть и газ Казахстана» телеграм-арнасы.
«Fincraft Group» компаниясының мәлімдеуінше, топ қазіргі уақытта мұнай-газ активтерін шоғырландыру және басқаруды оңтайландыру процесін жүргізіп жатыр.
«Жаңа мұнай-газ холдингі капитал нарығында қызмет етеді, сондай-ақ ағымдағы және болашақтағы мұнай-газ жобаларына ұзақ мерзімді инвестициялар тартумен айналысады. Негізгі міндеті — қолданыстағы активтерді дамыту және көмірсутектерді барлау, өндіру және өңдеу саласындағы жаңа жобаларға қатысу. «Fincraft Energy Holding Limited» компаниясының жалғыз акционері — Кеңес Рақышевқа тиесілі «Fincraft Group» ЖШС», — делінген хабарламада.
Нарықтағы ақпараттарға сүйенсек, «Fincraft Energy Holding Limited» Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Каспий мұнай» АҚ-ын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өткен жылы бұл компанияны MOL және қытайлық компания сатып алғысы келгенімен, тараптар бағаға келісе алмағандықтан, келіссөздер нәтижесіз аяқталған болатын.
В Атырау -10