Атырау, 28 қаңтар 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57

Жамбылда әскери қызметші қаза болды: тергеу басталды

106 рет қаралды

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші ажалды жарақат алып, қайтыс болды. Бұл факті бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел-тергеу тобы құрылып, істің барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.

Сонымен қатар, әскери бөлімдерде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру тапсырылды.

Жақын уақытта Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде мерзімді қызметтің қауіпсіздігі мен әскери қызметшілердің өмірін қорғау мәселелері қаралады.

Бүгін, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.