Атырау, 28 қаңтар 15:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57

Ақкенженов: «Үкімет “Лукойлға” ұсыныс жасаған жоқ»

119 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан билігі республикадағы «Лукойл» компаниясының активтеріне байланысты АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты OFAC ұйымына ресми сұрау жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Министрдің айтуынша, Қазақстан үкіметі де, Энергетика министрлігі де «Лукойлға» активтерді сатып алу жөнінде ұсыныс жасаған жоқ. Дегенмен, егер компания активтерін сатуға шешім қабылдаса, Қазақстан заң бойынша оларды сатып алуда алдын ала басым құқыққа ие.

«Біз бұған дейін де атап өткенбіз: егер “Лукойл” Қазақстандағы үлесін сататын болса, мемлекет заңға сәйкес бұл үлесті бірінші кезекте сатып алу құқығына ие», – деді Ақкенженов.

Министр ықтимал мәміленің қаржылық тетіктеріне тоқталып, активтерді сатып алу міндетті түрде бір жолғы қолма-қол төлемді қажет етпейтінін айтты. Оның сөзінше, әртүрлі механизмдер қарастырылуы мүмкін, соның ішінде кейінге қалдырылған төлем немесе шикізат сатудан түсетін болашақ кіріс есебінен есеп айырысу тәсілдері бар.

Энергетика министрлігі бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық шектеулер мен санкциялық режимді ескере отырып, заң аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгін, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.