Атырау, 27 қаңтар 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

​Маңғыстауда өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адам өзіне қол жұмсады

111 рет қаралды
ЖИ шығарған сурет
ЖИ шығарған сурет

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жыныстық сипаттағы қылмысқа күдікке ілінген ер адам өзіне қол жұмсады. Оның мәйітінің жанынан аңшы мылтығы табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 24 қаңтар күні «102» нөміріне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қылмысқа қыздың өгей әкесі күдікті болған.

Полиция мәліметінше, аталған ер адам кейін өзіне оқ атып, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Бүгін, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.