Атырау, 4 желтоқсан 04:48
 бұлттыВ Атырау +7
$ 460.15
€ 501.38
₽ 5.11

Италияның Лампедуза аралында кеме суға кетіп, 130-дан астам адам қаза тапты

1 797 просмотра

Лампедуза аралының жағасында болған кеме апатынан Африканың заңсыз келген 130-дан азаматы қаза тапты, оның ішінде әйелдер мен балалар да болған. Құтқарушылардың жорамалы бойынша, қаза тапқан адамдардың саны 200-ден асуы мүмкін, деп хабарлайды РБК Ansa агенттігіне сілтеме жасап. 

Эритрея, Сомали және Гананың 500-ден астам азаматы мінген кеме Ливиядан шығып Италияға қарай бағыттаған. Құтқарушылар мен шекарашылар 150-ге жуық адамды судан алып шықты, ал 200-ден астамы із түссіз жоғалғандар қатарында. 

Қайғылы оқиға орнында Италияның Ішкі істер министрі Анджелино Альфано болды. Министрлер кабинетінің шешімі бойынша, 4 қазан Италияда қаралы күн болып жарияланды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Италия билігіне көңіл айтып, бұл қайғылы оқиға әлемдік қауымдастықты көші-қон мәселесінде біріге әрекет етуге ықпал ететінін айтты.

Дереккөз: bnews.kz

4 қазан 2013, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.