Атырау, 27 қаңтар 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қызметтен босатты

107 рет қаралды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті құжатқа президент қол қойды. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Ал 2024 жылы 6 ақпанда Президент жарлығымен осы лауазымқа қайта тағайындалды.

Светлана Жақыпованың қызметінен кетуі жақында Мемлекет басшысының әлеуметтік сала басшыларына айтқан сыны аясында орын алып отыр. Бір апта бұрын Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жүйелі проблемалар мен ұрлық фактілері туралы қатаң айтып, бейінді ведомстволар басшыларының дербес жауапкершілігін және әлеуметтік шығындар саласында тәртіп орнату қажеттігін атап өтті.

Бүгін, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.