
Түркістан облысында 70-тен астам мектеп асханасында санитариялық талаптар бұзылғаны анықталды
Балалардың құқықтарын қорғау прокуратураның басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Осы бағытта Түркістан облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының асханаларына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік тұрғысынан талдау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келгені белгілі болды.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілері енгізілді. Нәтижесінде 50 білім беру мекемесі тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып, 12 184 балаға сапалы қызмет көрсетілуі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен кәсіпкерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша 81 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
В Атырау -10