Атырау, 27 қаңтар 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті

98 рет қаралды

Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады. Құжатта білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасы әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары қамтылған.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келе жатқанын, бұл халықтың 34%-ын құрайтынын атап өтті. Оның айтуынша, болашақтың отаншыл әрі жасампаз ұрпағын тәрбиелеу – мемлекеттің басты міндеті.

Атқарылған шаралар:

  • Балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер үшін жазаның бұлтартпас қағидаты заңнамалық тұрғыда бекітілді.
  • Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау үшін 111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды.
  • Барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді.
  • 1 ақпаннан бастап білім беру ұйымдарында «тосыннан тексеру» қағидаты енгізіледі.
  • Қамқоршылық органдары мамандарының саны үш есеге артты, өңірлерде арнайы басқармалар құрылуда.

Сонымен қатар, кәсіби отбасы институты енгізілгенімен, өңірлерде бұл бағытта жұмыс жүргізілмегені сынға алынды. Әкімдіктерге екі ай ішінде бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру және кәсіби отбасы жобасын іске асыру тапсырылды.

Түйткілді мәселелер:

  • Балаларға медициналық көмек көрсету сапасы артқанымен, дәрі-дәрмек пен мамандар тапшылығы сақталуда.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін дефектолог, логопед, сурдолог сияқты мамандар жетіспейді.
  • Балалардың цифрлық қауіпсіздігі өзекті күйінде қалып отыр.
  • Ауыл балалары үйірмелер мен заманауи білім беру мүмкіндіктерінен тыс қалып келеді.

Премьер-министр ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтіп, тұжырымдамада көзделген индикаторлар балаларды қолдау мен қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастыруға бағытталатынын айтты.

Бүгін, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.