
2026 жылғы 26 қаңтарда Украина Президенті Владимир Зеленский ел аумағында әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны 4 мамырға дейін ұзарту туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды АА.
Аталған құжат Украина парламентінің ресми сайтында жарияланды. Бұған дейін, 14 қаңтарда, Жоғарғы Рада тиісті заңдарды қабылдаған болатын. Бұл жолы әскери жағдай мен мобилизация мерзімі 18-ші рет ұзартылып отыр.
Еске сала кетейік, Украинада әскери жағдай мен жалпы мобилизация алғаш рет 2022 жылғы 24 ақпанда енгізілген еді. Содан бері олардың мерзімі бірнеше рет ұзартылып келеді.
В Атырау -10