Атырау, 23 қараша 20:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аргентинаның экс-президенті сенаторларға пара ұсынды деген айыппен жауапқа тартылуы мүмкін

1 357 просмотра
Аргентинада прокуратура республиканың бұрынғы президенті Фернандо де ла Руа 2000 жылы сенаторларға пара ұсынды деген айппен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын талап етуде. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Тергеу амалдарының нұсқасына қарағанда, де ла Руа үкімет ұсынған жаңа еңбек кодексіне дауыс беру үшін парлементтің оппозициялық бес депутатын қаржылай ынталандыруға тапсырма берген көрінеді.

Бұрынғы сенаторлар мен сол кездегі үкіметтің бұрынғы бірнеше шенеунігі де пара беру ісі бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Фернандо де ла Руа 2001жылы жаппай наразылық акциясы толқыны кезінде президенттік лауазымынан уақытынан бұрын кеткен еді. Бұл наразылық шараларының салдарынан полициямен арада қақтығыстар орын алып, бірнеше манифестант мерт болды.

Өткен жылы Аргентинаның Жоғарғы соты де ла Руаны бұл адамдардың өліміне қатысты айыптан босатқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қазан 2013, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.