Атырау, 27 қаңтар 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

​«Самұрық-Қазына» Қытай қаржы нарығындағы серіктестікті нығайтуға ниетті​​

98 рет қаралды

«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері мен China International Capital Corporation Limited (CICC) басшылығы арасында кездесу өтті. Оған қордың өкілі Нұрлан Жақыпов және CICC Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, Басқарушы комитеттің президенті әрі мүшесі Ван Шугуан қатысты.

Кездесу барысында тараптар ұзақмерзімді серіктестікті нығайту жолдарын қарастырды. Әсіресе, «Самұрық-Қазына» қорын Қытайдың облигациялар нарығына шығару мәселесі мен юань (RMB) арқылы қаржыландыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

CICC — 1995 жылы құрылған Қытайдың жетекші инвестициялық компаниясы. Қаржы институты банк қызметтерін, инвестициялық және брокерлік операцияларды, активтерді басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ кең ауқымды қаржылық кеңес беру қызметін көрсетеді. Компанияның бас кеңсесі Бейжіңде орналасқан, ал Қытайдың түрлі қалаларында және әлемнің негізгі халықаралық қаржы орталықтарында өкілдіктері бар.

Бүгін, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.