Атырау, 27 қаңтар 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Қарағанды тұрғыны овербукинг үшін әуе компаниясынан моральдық өтемақы өндіріп алды

103 рет қаралды

Қарағанды қаласының тұрғыны «Астана–Фукуок–Астана» бағыты бойынша сатып алған төрт әуе билеті үшін әуе компаниясын сотқа беріп, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды.

Іс материалдарына сәйкес, жалпы құны 420 мың теңге болатын билеттер алынғанымен, ұшуға бір тәулік қалғанда рейстің овербукингке байланысты тоқтатылғаны хабарланған. Әуе тасымалдаушы балама ретінде билеттердің ақшасын қайтаруды немесе екі күн кеш ұшатын «Алматы–Дананг–Алматы» бағытын ұсынған. Жолаушыға 274 мың теңге қайтарылған.

Алайда жолаушы сапардың бұзылуы салдарынан материалдық және моральдық зиян келгенін алға тартып, тур агенті мен әуе компаниясына талап арыз түсірген. Сот тур агентінің тасымалдауға жауапты тарап емес екенін анықтап, оған қатысты талапты қанағаттандырмады.

Ал Қазыбек би аудандық №2 соты рейсті тоқтатуға жол берген әуе тасымалдаушыны жауапты деп танып, жолаушының пайдасына 50 мың теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бүгін, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.