
Австралияның Виктория штатында орман өрттері күшейіп, билік шамамен 1100 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды АА.
Эвакуация Джеллибранд, Каваррен, Бич-Форест, Форрест және Бэронгарук қалаларын, сондай-ақ Грейт-Отуэй ұлттық паркінің маңындағы елді мекендерді қамтиды.
Ресми деректерге сәйкес, өрт шамамен 94 шаршы шақырым аумақты шарпыған. Қауіптің жоғары болуына байланысты жалын оңтүстік аймақтарға және шығыс жағалаудағы Лорн, Эйрис-Инлет, Энглси қалаларына таралуы мүмкін.
Ситуацияны күрделендіріп отырған аптап ыстық: синоптиктер 2009 жылдан бергі ең ұзақ ыстық толқыны орнауы ықтимал екенін ескертті. Милдура, Хоуптаун және Уолпьюпта ауа температурасы 48°C, Хоршемде 47°C, ал Хамильтонда 46°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Билік өрттің бақылаудан шығып кету қаупі өте жоғары екенін атап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр.
В Атырау -10