Атырау, 26 қаңтар 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Атырауда көшеде қозғалып келе жатқан көліктен өрт шықты

99 рет қаралды

25 қаңтарда Атырау қаласы "Қара Депо" ықшамауданындағы көшелерінің бірінде жүріп келе жатқан автокөліктен кенеттен жалын пайда болды. 

Көліктің жүргізушісі уақытында шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. 

Өрт оқиғасы бойынша ТЖД шақырту сағат  16. 27 шамасында түскен. 

Өрт сөндіру бөлімшесі де оқиға орнына жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Жалынды өшіруге ТЖД 7 қызметкері, 2 бірлік техника жұмылдырылды.  

ТЖД мәліметі бойынша көліктен өрт шығу жағдайы өңірде жиілеген. 2025 жылы 7 автокөліктен өрт шықса, 2026 жылы 10 оқиға тіркелген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Бүгін, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.