Атырау, 26 қаңтар 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Қазақстанда деректерді қорғауға арналған жаңа ұлттық стандарттар қабылданды

85 рет қаралды

Қазақстанда деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жаңа ұлттық стандарттар қабылданды. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті 2025 жылы бекіткен төрт құжат мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен елдің цифрлық инфрақұрылымын қорғауға бағытталған.

Жаңа стандарттардың екеуі ақпаратты құпия сақтау, бұрмаланбауын қамтамасыз ету және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау үшін отандық шифрлау құралдарын қолдану тәртібін айқындайды. Ал қалған екі стандарт мемлекеттік және құпия деректермен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін тексерудің бірыңғай ережелерін белгілейді.

Бұл құжаттар шифрлау әдістерін пайдаланудан бастап, ақпараттық жүйелердің барлық кезеңдердегі сенімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды. Нәтижесінде Қазақстан цифрлық тұрақтылықты арттырып, маңызды деректерді қорғауға және технологиялық тәуелсіздікке қадам жасайды. Ұлттық стандарттарды енгізу арқылы ел шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайтып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайтады.

Бүгін, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.