Атырау, 26 қаңтар 16:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Энергетикада жасанды интеллект: 2026 жылы ауқымды енгізу басталады

89 рет қаралды

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаннан кейін Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінде жаңа технологияларды кеңінен енгізуге кірісті.

Министрліктің басты мақсаты – тәжірибелік сынақтарға емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттардың алдын алуға және шығындарды азайтуға бағытталған қолданбалы жобаларды іске асыру.

Қазіргі таңда үш негізгі пилоттық шешім жүзеге асуда:

  • Электр желілерін ЖИ-дефектоскопиялау: дрондар мен компьютерлік көру технологиясы арқылы тіректер мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды автоматты анықтау. Жоба 2,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
  • Жылу желілерін роботтандырылған құбырішілік диагностика: акустикалық резонанс негізінде жүйені тоқтатпай-ақ құбырлардың жағдайын бағалау. Экономикалық тиімділігі – 42 млрд теңге.
  • Газ саласына арналған ЖИ-ассистент: мобильді қосымша арқылы газ есептегіш көрсеткіштерін автоматты тану. Бұл адам факторын азайтып, есепке алудың дәлдігін арттырады.

Пилоттық жобалар тиімділігін дәлелдеді: диагностика уақыты қысқарды, апаттылық төмендеді, ресурстарды үнемдеу артты.

2026 жылы министрлік бұл шешімдерді жаппай енгізуге көшуді жоспарлап отыр. Басым бағыттар қатарында:

  • ЖИ-дефектоскопиядағы ақаулар классификаторын кеңейту,
  • Магистральдық құбыржолдарда құбырішілік диагностика енгізу,
  • Газ саласындағы цифрлық сервистерді дамыту бар.

Сонымен қатар, министрлік отандық ІТ-компаниялармен жасанды интеллектті дамытуға қатысты меморандумдар аясында ынтымақтастықты жалғастырады.

Бүгін, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.