Атырау, 26 қаңтар 12:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Шымкентте полиция 25 млн теңгенің мал ұрлығын әшкереледі

50 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкенте полиция 25 млн теңгенің мал ұрлығын әшкереледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды.

Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады. 

Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бүгін, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.