
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға қазіргі жағдайда ипотека рәсімдеуге асықпауға кеңес берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол жоғары пайыздық мөлшерлемелер кезеңінде несие мен ипотеканы кейінге қалдырған дұрыс екенін айтты.
— Ұлттық банктің төрағасы ретінде жеке инвестиция немесе қаржы мәселесі бойынша кеңес беру маған орынсыз болар. Бірақ қаржыгер, экономист ретінде айтарым — нарықта мөлшерлемелер жоғары болып тұрған кезде несие мен ипотеканы ала тұру қажет. Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме де төмендейді, сонымен бірге банктердің ипотекалық мөлшерлемелері азайып, тұрғын үй несиесі қолжетімді бола түседі, — деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, инфляция мен пайыздық мөлшерлемелер төмендегеннен кейін ғана ипотека рәсімдеу болашаққа сенімді қадам болмақ.
— Кішкене күту керек. Инфляция да, мөлшерлеме де төмендесін, — деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.
В Атырау -10