Атырау, 23 қаңтар 18:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Ұлттық Банк мөлшерлемені сақтап қалды

108 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,0% деңгейінде (+/-1 п.т. дәлізімен) қалдыру туралы шешім қабылдады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 12,3% болды. Оның ішінде азық-түлік бағасы 13,5%-ға өсіп, негізгі үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,1%-ға дейін төмендеді, ал ақылы қызметтер 12,0%-ға жетті. Желтоқсанда айлық инфляция 0,9%, базалық инфляция – 0,8% деңгейінде тіркелді.

Ұлттық Банк инфляцияның жоғары болуын ішкі сұраныстың ұсыныстан асып түсуімен, тарифтік реформалар мен жанар-жағармай нарығын ырықтандырудың әсерімен байланыстырады. Халықтың инфляциялық күтулері 14,7%-ға дейін өсті. Әлемдік азық-түлік бағасы әлі де жоғары, ал Ресей мен ЕО-да инфляция бәсеңдеген.

2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5%өсім көрсетті. Көлік, құрылыс, сауда, тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жоғары қарқын сақталды.

Ұлттық Банк мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші жартысына дейін қазіргі деңгейде сақтауы ықтимал. Келесі шешім 6 наурызда сағат 12:00-де жарияланады.

Бүгін, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.