
Қазақстанда сирек кездесетін балықтар мен су жануарларын заңсыз аулау жүздеген мыңнан, тіпті миллиондаған теңгеге шығынға әкелуі мүмкін. Бір ғана бекіре, күмжі немесе каспий итбалығы үшін зиянды өтеу мөлшері бекітілген нормативтерге сәйкес 300 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленген, деп хабарлайды Zanger.
Балықтар мен су жануарларын заңсыз аулау және жою үшін зиянды өтеу мөлшері:
- Сырдариялық жауырындық, майшабақ, шортан тектес ақмарқа, Каспий және Арал албырты, ақбалық, сылан, күтім, қаяз, Іле шармайы, Каспий жыланбалығы, күмжі, Балқаш алабұғасы, пілмай, Сiбip бeкipeci, шатқалдық тасбалық, ұзын бармақты шаян (Түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін) – 300 АЕК (2026 жылы 1 297 500 теңге);
- Қортпа, уылдырықты және уылдырықсыз пілмай (бір килограмм үшін) – 100 АЕК (423 500 теңге);
- Бекіре (Сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) – 100 АЕК әр кг үшін;
- Сүйрік (бір килограмм үшін) – 100 АЕК әр кг үшін;
- Сиг, рипус, ряпушка, пелядь, чир, муксун – 1,2 АЕК (5 190 теңге) әр кг үшін.
- Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) – 1,2 АЕК (5 190 теңге);
- Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) – 1,3 АЕК (5 622,5 теңге);
- Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңкелер, әдеттегi және Балқаш алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) – 0,4 АЕК (1 730 теңге);
- Майшабақтар, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, қарша (бір килограмм үшін) – 0,8 АЕК (3 460 теңге);
- Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), Сібір хариусы) (бір килограмм үшін) – 1,7 АЕК (7 352,5 теңге);
- Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) – 193 АЕК (834 725 теңге);
- Ұзын бармақты шаян (Түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) – 1,2 АЕК;
- Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - шикі өнімнің бір килограмм үшін – 3 АЕК (12 975 тенге).
Өткен жылы Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзудың мыңдаған дерегі анықталды. Рейдтер барысында заңсыз ауланған тонналаған балық тәркіленді, тыйым салынған ау құралдары мен қайықтар алынды. Бірқатар фактілер бойынша соттарға және тергеу органдарына материалдар жолданды.
В Атырау -10