Атырау, 23 қаңтар 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атыраудағы Крещение рәсімі даумен аяқталды

185 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр
Видеодан стоп-кадр

Әлеуметтік желілерде 20 қаңтар таңертең Жайық өзеніндегі жаппай суға түсу шарасынан кейінгі көрініс түсірілген бейнежазба кеңінен тарап кетті.

Қысқа ролик кадрларында қала тұрғыны мұз үстінде ұмыт қалған заттар мен тасталған қоқысты жинап жүр. Ал бейнеоператор бұл әрекетті суға түскендерге қатысты жағымсыз пікірлермен жеткізіп тұр.

Бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін «АЖ» редакциясы  «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблевке жүгінді.

Оның айтуынша, бірлестік белсенділері бес жылдан астам уақыт бойы ТЖД су-құтқару станциясы маңында Крещениеде суға түсу рәсімін ұйымдастырып, өткізіп келеді. Бұл жерге жыл сайын түрлі ұлт пен жастағы діндардар да, салауатты өмір салтын ұстанушылар да көп жиналады.

«Қауіпсіз купель орнатамыз, киім ауыстыру үшін үлкен шатыр тігеміз, адамдарға ыңғайлы болсын деп ағаш төсем жасаймыз, су алатын орындар дайындаймыз. Мұның бәрін қала тұрғындары осы тамаша мерекені атап өтсін деп, өз күшімізбен және қаражатымызбен жасаймыз, – дейді ол. – Суға түсу түн ортасына дейін жалғасты. Жұмысшылар шатырды жинаған кезде мұз үстінде ұмыт қалған заттарды қалдырды, иелері күндіз келіп алып кетер деп ойлаған. Мұздай суға түскеннен кейін кейбірі ес жинап, заттарын жинай алмай қалады: біреу ұмытып кетеді, біреуінің сөмкесінен түсіп қалады, біреу қараңғыда байқамайды. Осындай көпшілік шараларда бұл қалыпты жағдай».

20 қаңтарда, Крещениеден кейін, «Былина» белсенділері таңертеңгі 10-нан кешкі 5-ке дейін аумақты тазалады. Купельді, мұзға қатқан төсемді және басқа жабдықтарды бөлшектеді. Оларға «Арнаулы автобаза» қызметкерлері де көмектесті: олар алдын ала қойған қоқыс жәшігін және турникеттерді алып кетті. Тіпті балықшылардан қалған қоқысты да жинады.

«Біздің таң қалғанымыз – желіде аумақ тазаланбағандай көрсетілген бейнежазбаның пайда болуы. Видео авторлары, ашығын айтқанда, асығыс қорытынды жасап, ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздыратын пікірлерге себеп болды. Мұның бәрін олардың ар-ұятына тапсырамын», – деді Кораблев.

Соңында айтарым: 20 қаңтар күні кешкісін тазалық пен тәртіпті видеоға түсіргісі келгендер, өкінішке қарай, табылмады.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.