
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрамына 1 миллиард доллар көлемінде ерікті жарна төлемей кірді. Бұл туралы Ақордада хабарлады, деп жазады zakon.kz.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңестің Жарғысында көзделген ерікті қаржылық жарна мүшелікке өтудің міндетті шарты емес. Ол жарнаны енгізу туралы шешім әрбір қатысушы мемлекеттің өз құзырында.
Жарғыға сәйкес Бейбітшілік кеңестегі мүшелік мемлекеттің өз шешіміне ғана негізделеді. Кеңес құрамына кірген сәттен бастап ұйымда болу мерзімі үш жыл. Бұл ретте бірінші жыл ішінде ерікті жарна енгізу белгіленген мерзімнен тыс қатысуды ұзартуға мүмкіндік береді.
Ақордада Қазақстанның Бейбітшілік кеңеске қандай да бір қаржылық жарнасыз кіргенін, бұл ұйым Жарғысының ережелеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.
В Атырау -10