Атырау, 23 қаңтар 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырауда "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына куәлік табысталды

Бейнежазба
129 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Атырауда "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына куәліктер табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

“Жас сақшы” полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – баланы Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз ісіне адал аға буын қызметін жас ұрпаққа дәріптеу. Осыған орай, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев атындағы "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушыларымен кездесті. 

Жиын барысында балалар полиция қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, интернеттегі қауіпсіздік және жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Тәртіп сақшылары қызметте тәртіптің, заңға құрметтің және интернеттегі қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті. 

– Балалар, сіздер елдің болашағысыздар. Құқыққа және тәртіпке адал болып, әр ісіңізбен мақтанышқа лайық болыңыздар, – деді жеке құраммен жұмыс бөлімінің бастығы Роман Есмұханов. 

Шара соңында жас сақшыларға арнайы куәліктер табысталды.

Бүгін, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.