Атырау, 22 қаңтар 20:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Жаңаөзенде шетелдіктердің елге заңсыз кіруін ұйымдастырушы топ ұсталды

Бейнежазба
98 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын жою бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

19 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген тергеу-жедел іс-шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді. 

Ұсталғандардың таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өз қызметтері үшін олар ақшалай сыйақы алып отырған. 

Тінту барысында күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді. 

Ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық кодекстің Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ішкі істер министрлігі ескертеді, көші-қон заңнамасының кез келген бұзушылықтары жазасыз қалмайды, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Бүгін, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.