Атырау, 22 қаңтар 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Yandex Qazaqstan компаниясымен бірге креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды

53 рет қаралды

gov.kz
gov.kz

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Yango Group компаниясының жаһандық директоры Даниил Шулейко мен Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновпен кездесті.

Отырыс барысында тараптар Қазақстандағы креативті индустрияны дамыту перспективаларын, мемлекет пен халықаралық жетекші технологиялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Аида Балаева Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық және креативті экожүйелерді дамытудағы маңызды рөлін сөз етіп, инновациялық жобалар мен таланттарды қолдауға қосқан үлесін атап өтті.

Кездесуде Креативті индустрияны дамыту қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Қордың негізгі жұмыс бағыттары, оның ішінде жобаларды жедел дамыту және қолдау, креативті бастамаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту және отандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару талқыланды. Сонымен қатар Yandex Qazaqstan компаниясы Қордың стратегиялық серіктесі ретінде қарастырылып отыр.

Жиын қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әрі жүйелі серіктестікке мүдделі екенін айтып, креативті экономика мен цифрлық технологиялар саласында байланыс орнатуға ниетті екендігін жеткізді.

Бүгін, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.