
«Не молчи» қоғамдық бастамасының хабарлауынша, апелляциялық шағымында Ризуан Хайржанов өзіне тағайындалған қатаң үкімді «жұртшылық тарапынан болған күшті қысыммен» байланыстырған.
Ал Яна ісі бойынша сот процесі ашық түрде, журналистердің қатысуымен өткендіктен, қаралу барысы заң аясында жария әрі қолжетімді болды.
Бұған дейін сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танып, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық тәртіппен қаралуда.
Марқұмның анасы Галина Легкодимова «Ақ Жайық» басылымына заңгерлік ұстанымын күшейтіп, апелляциядағы уәждерді даулауға ниетті екенін жеткізді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -7