Атырау, 22 қаңтар 15:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Daily Mail: Трамп Гренландия тұрғындарына 1 млн доллардан төлеуі мүмкін

92 рет қаралды

Daily Mail басылымының дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия АҚШ құрамына қосылуға келіссе, әрбір тұрғынға 1 млн доллар төлеу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды ТАСС. 

Қазіргі таңда арал халқы шамамен 57 мың адамды құрайды, демек жалпы төлем көлемі 57 млрд доллардан асуы ықтимал.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Трамп Гренландияға күшпен бақылау орнату жоспары жоқ екенін, сондай-ақ Еуропа елдеріне қарсы жарияланған кедендік баж салығы 1 ақпаннан бастап енгізілмейтінін айтты.

Ол «Гренландияға және жалпы Арктика аймағына қатысты болашақ келісімнің негіздері дайындалды» деп мәлімдеді.

Гренландия қазіргі таңда Дания құрамындағы автономды аймақ болып саналады. 

1951 жылы АҚШ пен Дания НАТО аясындағы одақтастық міндеттемелерін толықтырып, аралды қорғау туралы келісімге қол қойған, оған сәйкес АҚШ Гренландияны ықтимал агрессиядан қорғауды өз мойнына алған.

Бүгін, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.