Атырау, 22 қаңтар 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Жетісуда интернет-алаяқ құрбанының ақшасы қайтарылды

96 рет қаралды

Талдықорған қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтардың құрбаны болған азаматтың қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етті. Бұл нәтижеге қаржылық активтерді қорғаудың заманауи цифрлық құралдарын қолдану арқылы қол жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Прокурорлар ҚР Ұлттық Банкінің «Антифрод-орталығы» платформасында арнайы инцидент тіркеп, ұрланған ақша түскен банктік шоттарды жедел анықтап, бұғаттады.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға сәйкес қабылданған шаралардың арқасында 850 000 теңге күдіктілердің шоттарынан алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Жетісу облысының прокуратурасы киберқылмыспен күресте уақыттың шешуші рөл атқаратынын атап өтті. 

Бүгін, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.