
Алматы мектептерінің Kundelik.kz жүйесінен BilimClass платформасына жаппай ауысуы қоғамда үлкен талқыға себеп болды. Ата-аналар мен мұғалімдер алаңдаушылық білдірген тұста, Kundelik.kz компаниясының директоры Мұхтар Ілиясов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, өз ұстанымын жария етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Компанияның мәлімдемесі: «Kundelik.kz сегіз жыл бойы Алматы мектептерінде қолданылып келген. Жүйе ешқандай ресми ескерту жасалмай, бір күнде басқа платформаға ауыстырылған.Бұл шешім оқу жылының ортасында қабылданғандықтан, білім беру процесіне қауіп төндіреді».
Ілиясовтың айтуынша, бірінші және екінші тоқсанның бағалары мен үлгерім деректері Kundelik.kz жүйесінде, ал үшінші тоқсан басқа жүйеде қалып отыр. Бұл жағдай деректердің бұрмалануына, оқушылардың құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Мұғалімдерге қосымша жүктеме түсіп, ата-аналар арасында түсінбеушілік туындаған.
Kundelik.kz өкілдері платформаны ауыстыру заңды рәсімдерсіз жасалғанын айтты.
Алматы қаласының білім басқармасы мен BilimClass арасында келісімшарт та, ресми бұйрық та болмаған.
Компания деректердің ата-аналар мен мұғалімдердің келісімінсіз басқа жүйеге көшірілгенін тіркеген. Бұл — «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңды бұзу.
Желіде тараған «деректер сыртқа шықты» деген ақпарат жалған болып шыққан.
Kundelik.kz деректері мемлекеттік серверлерде сақталады және ұлттық қауіпсіздік талаптарына сай.
Тексеру барысында бөгде аккаунт арқылы кіру әрекеттері анықталмаған.
Kundelik.kz 750 АЕК көлемінде айыппұл төледі.
Бұл жазаның себебі — 2016 жылғы лог-файлдарды көрсете алмау.
Ол кезеңдегі сервер журналдары автоматты түрде өшірілгендіктен сақталмаған.
Kundelik.kz деректері Қазақстанда сақталады, ресейлік әзірлеушілерге қолжетімсіз.
Жүйе әр 3–6 ай сайын мұқият тексерістен өтеді.
Компания сот органдарына және мемлекеттік мекемелерге жүгінген.
В Атырау -7