Атырау, 22 қаңтар 13:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Пәкістан​да сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандар саны 60-қа жетті

86 рет қаралды

17 қаңтарда Пәкістанның Карачи қаласындағы сауда орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 60 адамға жетті, деп хабарлайды АА.

Dawn газетінің хабарлауынша, құтқару қызметтері оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Сауда орталығындағы бір дүкеннің үйінділерінен тағы 30 адамның денесі табылды. Олардың кім екенін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Сонымен қатар, өрттен кейін әлі де ондаған адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Өрт салдарынан сауда орталығы мен оған іргелес плазаның бір бөлігі қираған. Бұл кешеннің жалпы аумағы шамамен 8 мың шаршы метрді құрап, ішінде 1 200-ге жуық дүкен орналасқан.

Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.

Бүгін, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.