Атырау, 22 қаңтар 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Гренландияда АҚШ әскери базалары құрылуы мүмкін

100 рет қаралды
Дональд Трамп Давота/ Сурет: Gian Ehrenzeller/KEYSTONE/picture alliance
Дональд Трамп Давота/ Сурет: Gian Ehrenzeller/KEYSTONE/picture alliance

АҚШ Даниямен жасалуы мүмкін болашақ келісім аясында Гренландия аумағының жекелеген бөліктеріне бақылау орнатуы ықтимал. Бұл туралы ТАСС The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. 

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп 21 қаңтарда келісімнің негізі әзірленіп жатқанын мәлімдемес бұрын, НАТО-ға мүше елдердің әскери шенеуніктері ымыралы нұсқаны талқылаған. Ұсынысқа сәйкес, Дания АҚШ-қа әскери базалар орналастыру үшін Гренландия аумағындағы шағын учаскелерге суверенитет беруі мүмкін.

The New York Times-ке аты-жөнін жарияламаған үш дереккөз бұл бастаманы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте қолдағанын айтқан. Олар ұсынылған модельді Ұлыбританияның Кипрдегі әскери базаларымен салыстырды. Аталған базалар формалды түрде Ұлыбританияның теңіз асып жатқан аумағы болып саналады.

Сонымен қатар, бұл идея АҚШ президенті жариялаған тұжырымдамаға енген-енбегені әзірге белгісіз. Дональд Трамп «Гренландияға және жалпы Арктика аймағына қатысты болашақ келісімнің негізі дайын» екенін айтқанымен, оның егжей-тегжейін ашпады.

Айта кетейік, Гренландия — Дания құрамындағы автономды аумақ. 1951 жылы АҚШ пен Дания Гренландияны қорғау туралы келісімге қол қойған. Аталған келісімге сәйкес, АҚШ НАТО шеңберіндегі міндеттемелерден бөлек, аралды ықтимал қауіп-қатерден қорғауға жауапты.

Бұған дейін Дональд Трамп НАТО бас хатшысымен келіссөздерден кейін Еуропалық одақтың сегіз еліне қатысты баж салығын енгізуді уақытша тоқтатқанын хабарлаған. Давоста өткен форумда ол Гренландияның АҚШ үшін ұлттық және жаһандық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды екенін атап өткен. Сол жиында Германияның бұрынғы министрі Петер Гаувайлер Гренландияны 1 трлн долларға сату туралы ұсыныс айтқан.

Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.