Атырау, 22 қаңтар 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

96 рет қаралды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Жақын күндері елімізде тұман мен көктайғақ болады, қар жауып, қатты жел тұрады. Бірнеше ірі қалаларда және бірнеше облыста ауа райы қолайсыз болады деп болжанып отыр.    

Алматы қ.: 22-24 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 22 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қаңтарда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

22-24 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

22 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

22 қаңтарда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

22 қаңтарда Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

22 қаңтарда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

22 қаңтарда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

22 қаңтарда Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

22 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

22 қаңтарда Ұлытау облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.

22 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

22 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Бүгін, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.