
Успен ауданының прокуратурасы Константиновка ауылы тұрғындарының өтінішін қарау барысында мектепке дейінгі білімге қолжетімділік жөніндегі балалардың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Балабақшадағы топтың нормативтік сыйымдылығы 26 орын болса да, мекеме директоры қабылдауды негізсіз түрде 20 балаға шектеген.
Соның салдарынан ауылдық округте заңсыз кезек пайда болып, 9 бала балабақшаға бара алмай қалған.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін заң бұзушылықтар жойылды.
Бұрын кезекте тұрған балалар мектепке дейінгі ұйымға қабылданды.
Медициналық құжаттар белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.
Балабақша директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
В Атырау -8