Ақ үйде АҚШ Президенті Барак Обама мен конгресстегі респуликалық партияның өкілдерімен кездесуі барысында үкіметті қаржыландыру мәселесі бойынша келісе алмады. Бұл туралы журналистерге Конгресс өкілдері палатасының спикері Джон Бейнер мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Ол келіссөздің түсіністікпен өткендігіне қарамастан дағдарыс шешілмей қалғандығын айтып отыр. Б.Обама бюджет туралы және мемлекеттік қарыз шегін көтеру туралы мәмілеге келуден бас тартқан.
Даудың басты тақырыбы репблика партиясы қарсы Обаманың денсаулық сақтау саласындағы реформасы болып отыр. Алайда Дж.Бейнер Б.Обама мен конгресс ортақ шешімге келе алатынына сенім білдірді.
Бұған дейін Б.Обама үкіметті қаржыландыру туралы заң жобасы қабылданбайынша АҚШ конгресімен келіссөздерге бармайтынын мәлімдеген. Президенттің ойынша мәмілеге келуге Конгресс өкілдері палатасының спикері Джон Бейнердің Республика партиясының өкілдеріне қарсы шыққысы келмегендігі кедергі болып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 30 қыркүйектен бері конгресс бюджетті қабылдау мен үкіметті қаржыландыру мәселесінде ортақ шешімге келе алмады. АҚШ-та қазір «шатдаун» жарияланып яғни, мемлекеттік аппараттың бір бөлігін уақытша тоқтатылды. 800 мың бюджет қызметкері «ақысыз демалысқа шығарылған». Олар үкіметтің жұмыс істеуі үшін қаржыны қйдан, қай көлемде алуы керектігін келісіп бітпей жұмысқа шыға алмайды.
Ұлттық парктер, мұражайлар, білім мекемелерінің жұмыстар тоқтап, министерліктердің тек жартысына жуығында қысқартылған жұмыс күні жарияланған. Ең басты қызметтер, армия, полиция, өрт сөндіру бөлімдері секілді қызметтер ғана толығымен жұмыс істеп тұр.
Дереккөз: bnews.kz