
Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы емдеуге жатқызу алдындағы консультациялық-диагностикалық қызметтерді оңтайландырып, скринингтік бағдарламаларды жаңартты.
ЛПТТ, триглицеридтер және гликирленген гемоглобин сияқты тиімділігі дәлелденген зерттеулер енгізілді.
Нәтижелер қалыпты болған жағдайда скринингті мейіргер деңгейінде аяқтау мүмкіндігі берілді. Қатысушылардың жас шегі 76 жасқа дейін ұзартылды. 50 жастан асқан ерлерге әр екі жыл сайын брахиоцефалдық тамырлардың УДЗ скринингі енгізілді (МӘМС аясында).
2025 жылдың қыркүйегінен бастап онкоскринингтің барлық кезеңдері ТМККК шеңберінде қолжетімді болды.
Скринингке ми қанайналымының ерте бұзылуын анықтау және В, С вирустық гепатиттерді ерте диагностикалау қосылды.
2026 жылы оңалту және паллиативтік көмек бағыттарын қайта қарау жоспарланып отыр.
В Атырау -9