Атырау, 21 қаңтар 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Елімізде су-энергетикалық ресурстардың бірыңғай картасы әзірленуде

111 рет қаралды

Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетін бағалау және тиімді пайдалану мақсатында су-энергетикалық ресурстардың бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыруға кірісті. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жоба Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылуда.

Цифрлық платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіреді. Болашақ гидроэлектр станцияларының параметрлерін есептеуге жағдай жасайды. Жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартады. Оңтайлы жобалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгін, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.