
Испанияның Каталония аймағындағы Джелида қаласында жолаушылар пойызы құлап кеткен тіреу қабырғаға соғылып, рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды АА.
Оқиға Барселонадан батысқа қарай шамамен 35 шақырым жерде, Желида мен Сан-Садурни арасындағы теміржол магистральінде болған.
Жергілікті билік мәліметінше, апат салдарынан пойыз машинисі қаза тапты, кемінде 20 адам жарақат алды.
Бұл соңғы күндердегі екінші ірі теміржол апаты. 18 қаңтарда Андалусиядағы Кордова қаласы маңында екі жүрдек пойыз рельстен шығып, 42 адам қаза тапқан, ондаған жолаушы жараланған еді.
Испаниядағы қысқа уақыт ішінде болған екі апат теміржол қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.
В Атырау -10