
Қазақстан Үкіметі азаматтардың жеке деректерін қорғау талаптарын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы V Ұлттық құрылтайда Президент берген тапсырмаларды орындау аясында өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
Әкімшілік айыппұлдар: дербес деректерді өңдеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарға салынатын айыппұл көлемі едәуір артады. Ең жоғарғы мөлшері – 5 000 айлық есептік көрсеткішке (МРП) дейін.
Қылмыстық жауапкершілік: деректердің жаппай таралуы жағдайында қылмыстық жаза енгізу ұсынылуда. Бұл шара жеке ақпаратты қорғауда «нөлдік төзімділік» саясатының бөлігі болмақ.
Мақсат: мемлекеттік органдардың, бизнес пен ақпараттық жүйе операторларының жауапкершілігін арттыру, азаматтарға зиян келтіретін және цифрлық сервистерге сенімділікті төмендететін ауқымды деректердің таралуын болдырмау.
Ростислав Коняшкин: «Азаматтардың жеке өміріне қол сұқпаушылық және дербес деректерді қорғау конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз бұл салада нөлдік төзімділік саясатына көшеміз. Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігін әлсіретпеуі тиіс», – деп атап өтті.
В Атырау -10