Атырау, 21 қаңтар 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

​Жапония экс-премьерін өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды​ ​

106 рет қаралды

Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэнің қастандықпен өлтірілу ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды АА.

Сот айыпталушы Тэцуя Ямагамиге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол 2022 жылы Нара қаласында Абэ сайлауалды сөз сөйлеп тұрған кезде оқ атып, елдің ең ұзақ уақыт қызмет еткен премьер-министрін өлтірген.

Сот процесі 2025 жылдың қазанында басталып, алғашқы тыңдауда-ақ Ямагами кінәсін мойындады. Қорғаушылар оның қиын балалық шағы мен діни ұйымнан көрген зиянын алға тартып, жаза мерзімін 20 жылдан асырмауды сұрағанымен, сот бұл әрекетті аса ауыр қылмыс деп бағалап, ең қатаң жазаға кесіп отыр.

Синдзо Абэ Жапонияны 2006–2007 және 2012–2020 жылдары басқарды. Ол ел тарихындағы ең ұзақ уақыт премьер-министр болған саясаткер ретінде белгілі. Абэнің қастандықпен қаза табуы Жапония қоғамына үлкен соққы болып, демократиялық жүйенің қауіпсіздігі туралы ой салды.

Бүгін, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.