Атырау, 20 наурыз 14:13
 ашықВ Атырау +9
$ 460.79
€ 490.51
₽ 6.02

Барак Обама бюджетке байланысты бірқатар елдерге сапарынан бас тартты

2 172 просмотра
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама 2014 жылға арналған қазынашылық федералды бюджетінің қабылданбауына байланысты Азия елдеріне өзінің ресми сапары аясында бірқатар мемлекеттерге барудан бас тартты.

АҚШ президенті әкімшілігі Барак Обаманың қаржы мәселесіне байланысты Азия-Тынық мұхит аймағы елдеріне сапар жасау жөніндегі бастапқы жоспарын өзгерткенін мәлімдеді. Келесі аптада өзінің турнесінің аясында Обама Индонезия, Малайзия, Бруней және Филиппинге барады деп жоспарланған болатын.

 Үкіметтің өз жұмысын тоқтатуына және Ақ үйдегі мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылмауына байланысты АҚШ президенті Малайзия мен Филлипинға бара алмай, тек Индонезия және Брунеймен шектелмек.

Дереккөз: inform.kz

3 қазан 2013, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.