Атырау, 20 қаңтар 16:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -14
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

Польша алтын қорымен Еуропалық орталық банкті басып озды

91 рет қаралды

Польша бүгінде алтын қоры бойынша Еуропалық орталық банкті (ЕОБ) басып озды. Ұлттық банк 550 тонна алтынға ие болды, бұл көрсеткіш ЕОБ-тың 506,5 тонна қорынан артық, деп хабарлайды Евронью́с.

НБП президенті Адам Глапиньский алтынды ұлттық резервтердің негізгі элементі ретінде қарастырып, оның қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететінін бірнеше жылдан бері атап келеді. Оның айтуынша, алтын кредиттік тәуекелден тәуелсіз, басқа елдердің монетарлық шешімдеріне байланысты емес және қаржылық күйзелістерге төзімді актив болып табылады.

Польша 700 тонна алтынға жетуді көздеп отыр. Қордың жалпы құны шамамен 400 млрд злотыйға бағалануда. 2024 жылы алтын резервтердің 16,86%-ын құраса, 2025 жылдың соңына қарай бұл үлес 28,22%-ға дейін өсті.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы көптеген елдердің орталық банктері алтын қорын арттырды. Сарапшылар мұны валюталық және қаржылық дағдарыстардан қорғану стратегиясы деп түсіндіреді.

2026 жылы алтын бағасы жоғары деңгейде сақталуы мүмкін:

  • ING — $4 150/унция,
  • Deutsche Bank — $4 450/унция,
  • Goldman Sachs — $4 900/унция,
  • J.P. Morgan — $5 300/унцияға дейінгі өсу ықтималдығын болжайды.

Кейбір экономистер алтынға тым көп инвестиция салу қазіргі экономиканың икемділігіне сәйкес келмейді деп санайды. Олардың пікірінше, қаражатты облигациялар сияқты табыс әкелетін құралдарға бағыттау тиімдірек болар еді.

Бүгін, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.