
Қазақстанда жаңа қоғамдық орган – Халық кеңесі құрылатын болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Жаңа кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіріп, олардың орнына жұмыс істейді. Кеңес құрамына 126 адам кірмек.
Президенттің айтуынша, органның төрағаларын өзі тағайындайды. Халық кеңесі заң шығару бастамасы құқығына ие болады. Этносаралық және конфессияаралық келісімге қатысты мәселелер Қазақстан халқы Ассамблеясынан осы жаңа құрылымға беріледі.
Сонымен қатар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу де Халық кеңесінің құзыретіне кіреді. Бұл орган Конституцияға енгізіліп, оның қызметін реттейтін жаңа заңдар қабылданады.
В Атырау -14