
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Парламенттің болашақтағы құрылымы мен атауына қатысты ұсыныстарын жариялады.
Мемлекет басшысы Конституцияға сәйкес Конституциялық сот, Жоғарғы есеп палатасы және Орталық сайлау комиссиясын құруға қатысты өкілеттіліктер Мәжіліс, Сенат және Президент арасында тең бөлінгенін атап өтті.
«Ендігі ұсыныс бойынша, осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, депутаттарға Президент ұсынған Жоғарғы сот судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылады. Бұл — парламентаризмді дамыту мен билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтудағы маңызды қадам», — деді Тоқаев.
Президент жаңа бірпалаталы Парламентте 8 комитет және 145 депутат болуы мүмкін екенін айтты (қазіргі кезде олардың саны — 148).
«Сонымен қатар, Парламенттің атын — Құрылтай деп атауды дұрыс деп есептеймін», — деп толықтырды Мемлекет басшысы.
Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтіп жатыр. Жиында Президент елдің даму бағыттарын айқындап, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді.
В Атырау -14