
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Шымкентте студент қыз Нұрай Серікбайдың қаза болуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл оқиғаның қоғамды қатты алаңдатқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, құрылтайға осы жағдайға байланысты 130-дан астам өтініш түскен. Күдікті қызды ұзақ уақыт бойы қудалап, қорқытып келген, ақырында оның әрекеттері қайғылы жағдайға әкелген. Осыған байланысты Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Шымкент полициясының іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалауды, ал Бас прокуратураға істі мұқият тергеуді тапсырды.
Мемлекет басшысы қызды ұрлауды «тұрмысқа шығу дәстүрі» ретінде қабылдауға болмайтынын, бұл әрекетті адам ұрлау қылмысы ретінде қарастыру қажет екенін қадап айтты. «Бұл біздің ұлттық дәстүріміз емес, халықтың абыройына нұқсан келтіретін қылмыс. Мұндай қатігездікке жол берілмеуі тиіс», – деді ол.
Белгілі болғандай, күдікті марқұмды шамамен бір жыл бойы таныған. Кейін ол қызды ұрлап кеткен, бірақ Нұрай қашып құтылған. Осыдан кейін күдікті оны қудалауды әрі қорқыту әрекеттерін жалғастырған.
Қылмыс жасалған соң күдікті жасырынған. Оны іздеу бір тәулікке созылып, полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіріп-шығатын жолдар бақылауға алынды. Ақырында, күдікті Шымкент маңында ұсталды.
В Атырау -14