Атырау, 12 ақпан 10:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

​Әкімшілік озбырлыққа нүкте қойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

204 рет қаралды

Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары мен құрылыс саласында кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік озбырлықты тоқтатты. 

2025 жылы сот актілерін талдау барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 55 апелляциялық өтініш қанағаттандырылды.

Тексеру кезінде кейбір кәсіпкерлер өздеріне меншік құқығымен тиесілі жер учаскелерінде нысандар салғанына қарамастан, «заңсыз құрылыс» деген айыппен әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Мұндай жағдайда уәкілетті органдар заңнаманың дұрыс емес баптарын қолданған.

Прокуратураның уақтылы араласуы нәтижесінде бұл заң бұзушылықтар апелляциялық тәртіппен жойылып, тоғыз кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келтірілді. Осылайша кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту тәжірибесі тоқтатылды.

Жер қатынастары мен құрылыс саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс әрі қарай жалғасуда.

20 қаңтар, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.