Атырау, 20 қаңтар 12:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

​Танымал тұлғалар британдық Daily Mail-ді заңсыз аңдыды деп айыптап жатыр

94 рет қаралды

Лондонда бір топ танымал тұлғалардың британдық Daily Mail таблоидына қарсы талап арызы бойынша сот отырысы басталды. Талапкерлердің арасында ханзада Гарри және музыкант Элтон Джон бар.

Арыз берушілер басылым қызметкерлерінің 1990 жылдардан бастап ондаған жылдар бойы жеке өмірге қол сұғылмау құқығын жүйелі түрде бұзғанын айтуда. Олардың нұсқасы бойынша, журналистер телефондарды бұзуды, әңгімелерді тыңдауды және құпия деректерді алу үшін алдау схемаларын пайдалануды қоса алғанда, ақпарат жинаудың заңсыз әдістеріне жүгінген.

Daily Mail-дің баспагері айыптауларды жоққа шығарып, оларды негізсіз және дәлелдемелермен расталмаған деп атады. Сот процесі шамамен екі айға созылады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін ханзада Гарри британдық таблоидтарға қарсы істерді жеңіп, жеке өмірге араласқаны үшін өтемақыға қол жеткізген болатын.

Бүгін, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.