
Мемлекет басшысының көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және 2035 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Энергетика министрлігі Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясын салуға тендер өткізді.
Өткізілген тендер нәтижелері бойынша 2026 жылғы 12 қаңтарда «ГРЭС Курчатов» ЖШС компаниясы атынан жеңімпаз анықталды.
2026 жылғы 13 қаңтарда Министрлік пен тендер жеңімпазы арасында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасалды.
Жоба «таза көмір» технологиялары негізінде, будың аса критикалық бу параметрлері бойынша станцияның жұмыс режимімен іске асырылатын болады. Оның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді: құрылыс кезеңінде 4 000-ға дейін және станция пайдалануға берілгеннен кейін 400-ге дейін жұмыс орны.
Осы жоба аясында шығарындыларды тазарту мен сүзудің, сондай-ақ шаңды басудың заманауи технологияларын қолдануға ерекше назар аударылады. Жоба қолданыстағы Экологиялық кодекске және ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) нормаларына сәйкес, әлемдік стандарттар деңгейіндегі газ тазалау жүйелерін орнатуды көздейді.
Конденсациялық көмір электр станциясының құрылысы бюджет қаражатын тартпай, электр қуаты нарығының қолданыстағы механизмі шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
В Атырау -8