Атырау, 19 қаңтар 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

​Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

99 рет қаралды

4 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі күшіне енді. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы шараның нәтижесінде бірқатар өнімдер бойынша оң баға динамикасы байқалды, деп хабарлады inbusiness.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің деректеріне сәйкес, қаңтар айынан бері қаймақ 0,2%-ға, сүт 0,3%-ға, ірімшік 0,6%-ға арзандады. Қызанақтың бағасы 1%-ға, қияр 3,7%-ға, алма 1,5%-ға төмендеді. Күріш, шай, ет және балық өнімдерінің кейбір түрлерінде де бағаның төмендеуі байқалады.

Дегенмен, күнбағыс майы, сары май және сүзбе қымбаттаған. Ведомство мұны импорттық өнімдердің үлесі мен сыртқы нарықтағы баға ахуалымен байланыстырады.

Ішкі нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығымен меморандум әзірленуде. Сондай-ақ жұмыртқа, тауық еті, тұз және картоп өндірушілерімен де осындай келісімдер жасалмақ.

Көкөніс пен алма бағасы жалпы алғанда тұрақты. Қаңтарда картоптың бағасы келісі үшін 150–170 теңге аралығында болды. Алайда картоп пен сәбіз экспортының артуы ішкі нарыққа қысым түсіріп отыр. Осыған байланысты өңірлерде тұрақтандыру қорларынан көкөніс өнімдерін сату басталды.

Бүгін, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.