Атырау, 19 қаңтар 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Қытайда 1949 жылдан бергі ең төмен туу көрсеткіші тіркелді

96 рет қаралды

2025 жылы Қытайдағы туу коэффициенті мың адамға шаққанда 5,63 болып, ұлттық статистика жүргізілген 1949 жылдан бергі ең төмен деңгейге жетті, деп хабарлайды АА.

Мемлекеттік статистика басқармасының деректеріне сәйкес, ел халқы 2024 жылғы 1 млрд 408,28 млн адамнан 2025 жылы 1 млрд 404,89 млн-ға дейін азайған. Бұл — үш жыл қатарынан жалғасып келе жатқан халық санының қысқаруы.

2025 жылы Қытайда 7,92 млн бала дүниеге келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға аз. Ал сол кезеңде 11,31 млн адам қайтыс болды, нәтижесінде табиғи өсім минус 2,41-ге түсті.

Халық құрылымында еңбекке қабілетті жастағы (16–59 жас) азаматтар 851,36 млн адамды құрап, жалпы халықтың 60,6%-ын қамтыды. Ал 60 жастан асқандардың үлесі 23%-ға жетті.

Сарапшылардың айтуынша, Қытай ұзақ мерзімді демографиялық өзгерістер кезеңіне кірді: халық қартая түсуде, ал еңбекке қабілетті жастағылардың үлесі азаюда. Бұл елдің экономикалық әлеуетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бүгін, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.